Абай тілінде сөйлейміз » ГККП "Ясли сад №16"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№16 бала бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 397-47-08
Әдіскер:
+7(727) 248-35-63
Есепші:
+7(727) 229-80-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай тілінде сөйлейміз
08
қазан
2015

Абай тілінде сөйлейміз

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы- Қатынас                                              Тобы:мектепке даярлық     
Оқу іс-әрекеті: Қазақ тілі    
Мақсаты:Ұлы Абай бабамыздың өлеңдерімен, қара сөздерімен балаларды таныстырып, олардың өлеңге деген қызығушылығын оятып, көркемдік сөздік қорларын байыту. Ата-баба дәстүріне үйрету, бай ұлттық мұрамызды мақтаныш тұту сезімдеріне тәрбиелеу. Алған білімдерін одан әрі тереңдету мақсаты көзделініп, туған еліне сүйіспеншлікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.       
Көрнекіліктер:Абай портреті, ұлттық киімдер, көрнекті құралдар, тақырыпқа сай суреттер, асық, сандық, текше.
 
 

Әрекеттердің кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық

Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

 

Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, қонақтар.

Балалар қонақтармен амандасады

 

Ұйымдастырушы- ізденушілік

 

Абай Құнанбайұлы кім?- Қазақ халқының ақыны, ойшыл, композитор, сазгер, аудармашы. Абай аталарың қай жерде, қай жылы туған?

-Семей облысы, Абай ауданында 1854 жылы 13 тамызда туылған.

-Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білісіңдер? "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай", "Қараңғы түнде тау қалғып". Абай атамыздың қара сөздерін еске алайық:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

 

 

Тілеуің, өмірің алдында

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

 

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

 

Балалар, біз қай қалада тұрамыз?

Қалада Абай атында нелер бар?

Опера және балет театры, метрода "Абай" станциясы, Абай даңғылында атамыздың ескерткіші орнатылған және университет пен мектеп аталған.

Балалар, "Абай- біздің бабамыз" деген өлеңді айтып беріңдерші.

 

Өлеңі- ақыл,

Өзі- аңыз.

Абай- біздің бабамыз!

Өсиетін сондықтан,

Санамызға жазамыз!

"Шен- шекпенге жасыңнан құмар болма!"- депті Абай.

"Милары жоқ мысалға

Сыңар болма!"- депті Абай

"Атаң менен анаңның

Панасы бол!"- депті Абай.

 

Абырой да, атақта,

Дүние түгел табылар.

"Артық ғылым кітапта!"

Деген сөзі тағы бар....

 

Серуен сәтін жасайық:

Асыл сөздің ұстазы,

Ақыл болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке,

 

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір,

Өнре болар ұрпақпыз.

Айгөлек-ау, Айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп.

 

Балалар, мына сандықтың ішінде үш түрлі асықтар бар.

Қызыл асықты алған бала тақпақ айтады, жасылды алған мақал айтады, сары асықты алған бала жұмбақ жасырады.

 

Енді тақтаға назар аударыңдар!

-Абайдың орыс жазушысы Крыловтың қандай аударма мысалдарын білесіңдер?

-"Қарға мен түлкі", "Түлкі мен жүзім", "Есек пен бұл-бұл", "Құмырсқа мен шегіртке".

 

"Енді біз құмырсқа мен шегіртке" мысалының сақыналық көрінісін тамашалайық.

 

Сабағымыздың аяғында Абайдың "Көзімнің қарасы" деген әнін шырқайық.

 

Осымен сабағымыз аяқталды.

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

 

Балалар сұрақтарға жауап берді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар Абай сөздерін жатқа айтып берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақтаға шығып, суреттер арқылы жауап берді.

 

 

 

 

 

 

Балалар жатқа өлеңді айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар серуен сәтін көңілді орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар берілген тапсырмаларды орындады.

 

 

 

Балалар мысалдар келтіреді.

 

 

 

 

Балалар көрініс қойды.

 

 

 

Балалар ән айтады.

 

 

Айжан қонақтарға "Абай әндері" деген тәттілікті таратып береді.

 

Похожие публикации:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 152 Вперед